Универсиада: Отандық спортшылар алтыншы медальды иеленді

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлады Sports.kz.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, универсиадада Қазақстан құрамасы әзірге 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.

Трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасының мүшелері Данил Васильев пен Сергей Ткаченко үздік нәтиже көрсетіп, универсиаданың күміс меделін иеленді. Қазақстандық команда австриялық командаға жол беріп, Жапония спортшыларын қапы қалдырды.