Универсиада-2023: Шаңғышы қыздарымыз қола жүлдеге қол жеткізді
Ел намысын Айша Ракишева, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина абыроймен қорғады.
Алматы, NEGE. АҚШ-та өтіп жатқан ХХХ қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде түсті. Әйелдер арасындағы командалық шаңғы жарысында (3х5км) отандастарымыз үшінші орын алды.
Универсиада алтынын Финляндия құрамасы жеңсе, күміс жүлде Норвегияға бұйырды.