UNICEF: Украинада 262 бала өлтірілді

Украинада ақпанда басталған қарулы қақтығыс салдарынан 262 бала көз жұмды.

Алматы, NEGE. Тағы 415 жеткіншек жарақат алған. Жүз күнге жуықтаған аралықта гуманитарлық көмекке мұқтаж балалар саны 5 миллион 200 мыңға жеткен. Бұл мәліметтерді ЮНИСЕФ Балаларды қорғаудың халықаралық күніне байланысты жариялады.

Қор өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жолы жеткіншектердің басына төнген қасірет ауқымы тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс зардабынан да асып түскен. Халықаралық ұйым өкілдері қазір Украинада күніне кем дегенде 2 бала көз жұмып, 4 жеткіншек жараланатынын айтады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді