22 марта 2021 г. 20:44
UNESCO ғаламшарды қорғауға үндейтін жаһандық қозғалысты бастады
UNESCO биоалуандықты қорғаушыларды біріктіріп, жер тұрғындарын ғаламшарды қорғауға үндейтін жаһандық қозғалысқа бастамашылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Ұйым баспасөз қызметінің мәліметінше, UNESCO «Адам және биосфера» бағдарламасының 50 жылдығына орай биоалуандықты сақтауды жақтайтын мүдделі тараптардың қатысуымен Биоалуандық жөніндегі форум ұйымдастырады. Форум мақсаты – жетекші халықаралық келіссөздерге ықпал ету. Биоалуандық саласындағы білім мен ноу-хоудың сақтаушысы саналатын UNESCO елу жылдан астам уақыттан бері жер шарының 6 пайыздан астам аумағын қамтитын қорғалатын нысандардағы желілер арқылы экологиялық проблемалардың нақты шешімдерін әзірлеп келеді.