Үнемделген қаржыдан мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынды

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге үнемделген бюджет қаржысы сыйақы түрінде берілмейді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Осы мәселені біраздан бері айтқым келіп жүрген. Біз қазынашылық тарапынан Қаржы министрлігіне сыйақы ретінде шоттар ішіндегі қаражатты аударуға тыйым салдық. Егер мемлекеттік органдарда қаржы үнемделсе, оны сыйақыға аудара алмайды», - деді Мәди Такиев.

Министрдің айтуынша, үнемделген қаржы бюджетке қайтарылады.

«Біз сыйақы түрінде аударуға болатын 112-ші кодты жауып тастадық», - деп толықтырды Такиев.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты