Үндістандағы ұшақ апатынан бір адам аман қалды

Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing 787-8 ұшағы Лондонға бағыт алған, бортта 242 жолаушы болған. 

UNI/XinHua/Global Look Press

Алматы, NEGE. Бұған дейін ұшақ апатынан борттағы барлық адамның қаза тапқаны хабарланған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, апаттан 1 адам аман қалған. Ұлыбритания азаматы ұшақтың алдыңғы жағында 11А орнында отырған. Апаттан аман қалған жолаушы ауыр жарақат алмаған.

Қазір құрбандардың нақты саны белгісіз.

Үндістан жергілікті билігінің мәліметінше, ұшақ тұрғындар тұратын ауданда құлағандықтан зардап шеккендер саны көп болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр