Үндістанда жолаушылар ұшағы құлады

Ұшақ бортында 242 адам болған, оның ішінде 12 экипаж мүшесі және 232 жолаушы. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жолаушылар ұшағы Үндістанның батысындағы Ахмедабад қаласындағы әуежай маңындағы Меганинагар ауданында апатқа ұшырады.

Ұшақ Air India әуе компаниясына тиесілі.  

Boeing 787-8 Dreamliner әуе көлігі Ұлыбританияға бет алған. Қазіргі уақытта әуе компаниясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтылған.

Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Кейбір мәліметтерге сәйкес, тірі қалғандар бар. Жергілікті билік пен құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр