Үндістанда тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауларында тікұшақ апатқа ұшырады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Апаттан жеті адам қаза тапты. Бортта алты қажы мен бір ұшқыш болған.

«Апат Гаурикунд ормандарының үстінде, ауа райының қолайсыздығынан болды», - деді Үндістанның Уттаракханд штатындағы Рудрапраяг округінің төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Нандан Сингх Раджвар.

Тікұшақ таңертең ерте теңіз деңгейінен 3 500 метр биіктікте орналасқан Кедарнатх ауылынан ұшып шыққан. Ұшқаннан көп ұзамай жерге құлап, өртеніп кеткен.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр