Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты
Қазақстандық дипломаттар Үндістанда ұсталған кемедегі Қазақстан азаматын елге қайтару шараларын қабылдап жатыр.
Астана, NEGE. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің хабарлауынша, Парадип портында ұсталған MT UNITY кемесінде 23 теңізшіден тұратын экипаж бар. Теңізшілердің бірі – Қазақстан Республикасының азаматы.
«Кеменің ұсталуы оның иесінің жергілікті жанармай жеткізушісі алдындағы қаржылық қарызына байланысты болып отыр», – деп мәлімдеді СІМ өкілі.
Оның нақтылауынша,Үндістан Сыртқы істер министрлігіне мәселені шешуге жәрдем көрсетуду сұрап тиісті дипломатиялық нота жолданған.
Қазақстан азаматы да, оның отбасы мүшелері де Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне көмек сұрап өтініш білдірмегені мәлім болды.
Қазақстандық теңізшіге қатысты жағдайды Сыртқы істер министрлігі бақылауына алған.
ТАСС ақпаратынша, Unity танкері 11 мамырдан бері Үндістанның Парадип портына таяу маңда зәкір тұрағында қамауда тұр. Теңізшілердің туыстарының айтуынша, экипаж мүшелерінің басым бөлігінің еңбек келісімшарттарының мерзімі өтіп кеткен немесе қыркүйекте аяқталады. Кейбір теңізшілер кемеде 10 айдан астам уақыттан бері жүр.