Үндістанда 25 әуежай уақытша жабылды

Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс салдарынан Үндістанның солтүстігіндегі 24 әуежай жолаушылар рейстерін қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Интерфакс».

epravda.com.ua/rus

Алматы, NEGE. Бұл шешім Пәкістанмен арадағы әскери қақтығыстардың өршуіне байланысты қабылданды. Джодхпур (Раджастхан штаты), Лудхиана және Амритсар (Пенджаб штаты) қалаларындағы әуежайлар жолаушылардың әуе тасымалы үшін уақытша жабылды.

Үндістанның ірі авиакомпаниялары, олардың ішінде Air India, IndiGo және SpiceJet жүзден астам рейсті тоқтатты.

Кейбір деректердің хабарлауынша, бұл шешімнің күші сенбі күні жойылуы мүмкін.

Пәкістандық Dawn басылымының жазуынша, Пәкістан әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда Emirates, Qatar Airways әуе компаниялары Үндістан мен Пәкістан бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатқан.

Пәкістан әскери күштері Пенджаб аймағында Үндістанның 6 ұшқышсыз ұшу аппаратын қолына түсіргенін хабарлады.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал 22 сәуірде ушығып кеткен еді. Сол күні Үндістанның солтүстігінде содырлар тобы туристер жиналған орында адамдарға оқ жаудырып, салдарынан 26 адам қаза тапты. Үндістан тарапы бұл террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті Пәкістанның мойнына жүктеді.

Қазір оқып жатыр

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді