Үндістан премьер-министрі Мәскеуге сапарынан кейін Киевке барды

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди жұма күні Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Ukrainian Presidential Press Office / AP

Алматы, NEGE. Бұл екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері Үндістан премьер-министрінің Украинаға жасаған алғашқы сапары. Сапардың негізгі мақсаты – экономикалық байланыстар мен қорғаныс, ғылым және технология саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Үндістан премьер-министрі аймақта «бейбітшіліктің тез арада қалпына келуін» жақтайтынын айтты.

Бұған дейін, шілде айының басында Моди Мәскеуге келіп, Ресей президентімен кездесті. Содан кейін Украинадағы қақтығысқа түсініктеме берген Үндістан премьер-министрі «бомбалар, зымырандар, мылтықтар бейбітшілікті қамтамасыз ете алмайды» деген еді. 

Владимир Зеленский Модидің Мәскеуге сапарын «бейбітшілік жөніндегі талпыныстарға ауыр соққы» деп атаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты