Үндістан Пәкістаннан ұшатын рейстерге әуе кеңістігін жапты

Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты, Үндістан билігі 30 сәуір күні кешке Пәкістаннан ұшатын барлық әуе рейстеріне өз кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Үндістан билігінің мәлімдеуінше, бұл шешім Пәкістан тарапынан енгізілген ұқсас тыйымға жауап ретінде қабылданған. Шектеу дереу күшіне енді және 23 мамырға дейін жалғасады.

Сол күні таңертең Пәкістанның ақпарат және телерадио министрі Аттаулла Таррар Үндістанды келесі 24-36 сағат ішінде Пәкістан аумағына әскери шабуыл жасамақшы деп айыптады. Министрдің айтуынша, шабуылға сылтау ретінде Кашмирдің Үнді бақылауындағы Пахалгам қаласында орын алған қарулы шабуыл пайдаланылмақ.

 – Кез келген агрессиялық әрекетке біз қатал жауап қайтарамыз. Аймақта орын алатын барлық салдарға Үндістан толық жауапты болады!, – деп жазды Таррар әлеуметтік желіде.

Бұл жағдайға дейін Үндістан 1960 жылғы Инд өзенінің сулары туралы келісімнен шығатынын жариялап, Пәкістан азаматтарына берілген визаларды жойған және үнді азаматтарына елден кетуді ұсынған болатын. Осыған байланысты Үндістаннан 800-ге жуық пәкістандық елдеріне оралса, 1500-ге жуық үнді азаматы Пәкістаннан қайта оралды.

 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты