Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады

Пәкістан тарабы Үндістанның шабуылынан Пәкістанда үш адам қаза тауып, 12 адам жараланғанын жазды. Қаза болғандардың бірі - бала, деп хабарлады azattyq.

istockphoto.com

Алматы, NEGE. Үндістан қарулы күштері 7 мамырға ауған түні Пәкістан мен Кашмирдің Пәкістан бақылуындағы бөлігіне ракетамен соққы жасады. 

Пәкістан тарабы Үндістанның ракетамен шабуыл жасағанын растады. Бұған қоса, Пәкістан жауап ретінде Үндістанның Сринагар қаласындағы әуе базасы ракетамен шабуылдағаны да айтылды.

Бұған қоса, Пәкістан әуе кеңістігін 48 сағатқа жауып, әскери авиацияны әуеге көтерген.

22 сәуірде Кашмирдің Үндістан бақылауындағы бөлігіндегі Байсаран алқабында үндістандық туристерге шабуыл жасалып, 22 адам қаза тапқан. Үндістан шабуылды "террорлық әрекет" деп атап, Пәкістанды айыптаған. Шабуыл жасаған үш адам Пәкістан азаматы екені айтылған. Осы оқиғадан соң екі елдің арасы суып, соғыс басталуы мүмкін екені айтыла бастаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен