Үндістанның президенттігіне әйел сайланды

Драупади Мурму Үндістандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, елде осындай жоғары лауазымды иеленген екінші әйел атанды.

Алматы, NEGE. Елді басқарған алғашқы әйел Пратибха Патил (2007-2012 жылдары) болды. Сондай-ақ Д.Мурму «азат елде», яғни британдықтардан тәуелсіз болғаннан кейін дүниеге келген Үндістанның тұңғыш президенті болмақ.

Ол 1958 жылы дүниеге келген. Джаркханд штатының экс-губернаторы. Д.Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді. Мемлекеттің іс басындағы басшысы Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі 24 шілдеде аяқталады.

 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті