Үндістаннан Алматыға 34 тонна дәрі-дәрмек әкелінді
Үндістаннан келген ұшақ Алматыға коронавирусқа қарсы кезекті дәрі-дәрмек легін жеткізді.
Алматы, NEGE. 34 тонна жүк, яғни бір жарым миллион қорап дәрі қабынуға қарсы, вирусқа қарсы және ыстықты түсіруге арналған дәрі келді. Препараттарды сатып алуға қаражатты қалалық әкімдік бөлген. Айта кетейік, осымен жетінші рейс қалаға қажетті дәріні жеткізіп отыр. Айдың соңына дейін тағы 2 ұшақ рейсі келеді. Ал жүктерді рәсімдеу тәулік бойы жүргізіледі.
Қалалық МКД «Жетісу» кеден бекетінің басшысы Талғат Жаңбырбаев: "Коммерциялық емес жүктер де болуы мүмкін. Тіпті егер коммерциялық болса да біз рәсімдеу уақытын барынша қысқартуға тырысамыз. Ал егер жүк гуманитарлық көмек болса, онда белгіленген құжат бойынша кедендік рәсімдеу толығымен жеңілдетілген тәртіпте жүзеге асырылады" деді.