Үндістандағы қазақстандықтар елге оралды

Үндістанда емделген қазақстандықтар елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешімін тапты.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге отандастарымыздың елге қайтуына көмектескені үшін алғысын білдірді. Үндістанда қазір әскери режим енгізіліп, шекара тұтас жабылған. Соған қарамастан, екі елдің билігі өзара мәмілеге келіп, онкологиялық ауруына ем алып жүрген қазақстандықтар үшін чартерлік рейс ұйымдастырылды. Оралған 6 адам. Үшеуі емделуші, үшеуі солардың туысы. Осы рейспен Үндістан тарапы коронавирусқа қарсы күреске қажетті дәрі-дәрмектер де жіберген.

Айта кетейік, бұл ел әлемде дәрі жасаудан алғашқы бестікке кіреді. Бірақ қазір коронавирустың таралуына байланысты дәрі экспортына тыйым салған. Қазақстанға екі ел арасындағы келісімге сәйкес гуманитарлық көмек ретінде 30 мың препарат бөлді. Қазір елге оралғандар оқшауланып, қажетті ем алып жатыр. Нұрдәулет Өмірбеков, ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы өкілдігінің директоры: - Жай адамдарды алып келген жоқпыз. Науқас жандарды алып келдік. Олардың диагноздары өте күрделі диагноздар. Бір науқасқа ұшу барысында оттегімен қамтамасыз еттік. Ең бастысы, науқастарды аман-есен елге алып келдік.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды