Үндістанда коронавирустан бір күнде 1100-ден астам адам қайтыс болды
Үндістанда өткен тәулікте COVID-19 коронавирустық инфекциясының салдарынан 1133 адам қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Елдегі COVID-19 құрбандарының жалпы саны 72 775-ке жетті. Сондай-ақ 24 сағат ішінде елде коронавирустың 75 809 жаңа жағдайы анықталды.
Нәтижесінде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 4 280 422-ге дейін өсті. Қазіргі уақытта Үндістанда 3,3 млн-нан астам адам коронавирустан жазылып шықты.