Үндістанда екі кеме соқтығысып, 30 адам жоғалып кетті

Үндістанның Ассам штатында екі сал кеме соқтығысып, біреуі суға кетті. Оқыс оқиға салдарынан 1 адам көз жұмған.

Алматы, NEGE. Екі су көлігінде 100-ден аса адам отырыпты. Олардың кейбірін мамандар құтқарса, басқалары өз бетінше қауіпсіз жерге дейін жүзіп жеткен. Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары 30  адамның әлі табылмағанын хабарлайды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік қажет болса, оларға әскер тартылатынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді