Үндістанда COVID-19 жұққандар саны жеті млн адамнан асты

Үндістанда коронавирус өршіп тұр.

Алматы, NEGE. Үндістанда соңғы бір тәулікте тағы 74 адамнан ковид-19 табылып, елдегі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7 миллионнан асты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш бойынша жуық арада үнді елі АҚШ-ты артта қалдыруы мүмкін. Айта кетейік, Үндістанда инфекцияға шалдығу деректері шілде айынан бері көбейіп келеді. Тамызда олардың қатары екі миллионға артқан болатын. Ал қыркүйекте науқастардың саны 3 миллион адам болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді