18 февраля 2020 г. 16:30

Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілді

Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен Нью-Делиде Дж.Неру атындағы Университетте Шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы қатысты. Жиналған қонақтар ғалымның еңбектерімен танысты. Қазақстанның Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілгенін және оны Делиде мерекелеу ұлы ғалымның дүниежүзілік мұрасын зерттеуге және зерделеуге қуатты серпін беретінін атап өтті. Бұл мерейтой екі елдің мәдениетін жақындастыратын алтын көпір болмақ.  

Айта кетейік, шара әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған Үндістандағы мерекелердің бастауы болды.

Тегтер: