Үндістанда Абай ескерткіші ашылды

Нью-Делидегі (Үндістан) Сан Мартин Парк скверінде Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Іс-шараға Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Үндістанның сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысқан.

"Абай - ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы - біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық", - деді Сұлтанов.

Бақыт Сұлтанов Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады