Үндістан TikTok-ты біржола бұғаттап тастады

Қытай мен Үндістан шекарасындағы Ладакх таулы аймағындағы шиеленіс биліктің осындай қадамға баруына түрткі болып отыр. Үндістанда 59 қытайлық қосымшаны пайдалануға ресми түрде біржола шектеу енгізді

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Олардың қатарында TikTok әлеуметтік желісі бар. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. Мұндай шешімді Үндістанның электроника және ақпараттық технологиялар министрлігі қабылдады. Өткен маусымда жергілікті билік Қытайдың 59 қосымшасы елдің егемендігіне, тұтастығына және ұлттық қауіпсіздігіне «зиян келтіреді» деп мәлімдеген еді. Қытайлық компаниялар құпиялылық және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі өз ұстанымдарын түсіндірген еді, бірақ Үндістан тарабы оған қанағаттанбады. Ресми дерек бойынша, TikTok-пен қатар WeChat қосымшасы мен Alibaba жасап шығарған UC браузері енді Үндістан территориясындағы жұмысын тоқтатады. Қос елдің шекарасындағы Ладакх таулы аймағындағы шиеленіс Үндістан билігінің осындай қадамға баруына түрткі болды.

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады