Үндістан ПТР тестілеуден бас тартады

ПТР тестілеу күрделі әрі қымбат болғанымен тиімділігі жағынан дара тұр. Оның қауіпті вирусты анықтайтын қабілетін әлемнің барлық мамандары мойындады.

Алматы, NEGE. Үндістан билігі соның бәрін біле тұрып, полимеразалық тізбекті реакция тестін қымбатсынып одан бас тартуды ұйғарды. Ал жергілікті жұрт мұндай шешімге наразы. Осы дауды шешуі тиіс болған дәрігерлер үкіметті жақтап шықты. Індет өршіп тұрған кезде ең алдымен ағзасында вирус мөлшері көп және оны өзгелерге жұқтырып жүрген адамдарды анықтау маңызды дейді. Бұл жағдайда антигендерді анықтайтын тест арзан әрі қолайлы. ПТР-сараптаманың дәлдігі жоғары болғанымен оған ақша мен уақыт көп кетеді.

Коронавирусты жұқтыру бойынша әлемде екінші орында тұрса да, таяуда Үндістан үкіметі шетел азаматтарына әуе немессе теңіз көлігімен елге келуге рұқсат етті. Бірақ саяхташыларға есік жабық.  Халық ұзаққа созылған карантиннен жалығып кетті, ал күшпен оқшауландыру олардың ашу-ызасын туғызды. Сондықтан жалғыз амалымыз вакцина табу. Қазір елде бірдей үш вакцинаның сынағы өтіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, осы айда басталған сынақтың алғашқы нәтижелері осы препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетті. Вакцинаны 300 мың адамға тексеру көзделіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды