Үнді-Антарктика жотасының батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болды

Үндістан мен Антарктика жотасының батыс бөлігінде 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Синьхуаагенттігі хабарлады.

Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. АҚШ Геологиялық қызметінің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, зілзала сенбі күні жергілікті уақытпен 23:20-да орын алған. Жер сілкінісінің эпицентрі оңтүстік ендіктің 47,83 градусы мен шығыс бойлығының 116,02 градусындағы нүктеде орналасқан. Гипоцентрдің тереңдігі – 10 шақырым.

Қазіргі уақытта табиғи апаттың адам шығынына немесе материалдық залалға әкелгені жайлы нақты ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?