Ұлттық Ұланның сарбазы Ақтау көше тәртібін қадағалау барысында қашып кетті
Ұлттық ұланның сарбазы Ақтау көшелерін қадағалау барысында қашып кетті, деп хабарлайды 'Лада'.
Алматы, NEGE. "14 мамыр күні Ақтау қаласында 6656 әскери бөлімінің сарбазы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарғаннан кейін, әскери жасақтардың жиналу және әскери бөлімге кету орнына келген жоқ. Қазіргі уақытта оны іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, 18 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда кешкі сағат 22.55-те 4-шағын ауданда көше тәртібін қадағалауға шыққан. Оның үстінде "Ұлттық ұлан" деген жазуы бар Ұлттық ұланның көк түсті формасы және аяғында қара түсті берцы болған.