30 сентября 2023 г. 15:47

Ұлттық ұланның 3 офицері полигонда жарақат алды

Фото:

Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды. Ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз, NEGE. «25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Айша-Бибі» оқу полигонында Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу өткізді. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан 3 офицер аяғынан жеңіл жарақат алды», – делінген хабарламада.

Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдарына залал келмеген. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгін тағы бір төтенше оқиға орын алды. Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу жасап жүрген ұшақ апатқа ұшырады.Әуе кемесі сағат 08.44-те Доскей ауылынан 5 км жерде құлады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған ұшақ пен екі адамның денесі табылды.

Тегтер: