Ұлттық тестілеу орталығы: Мұндай мұғалім не үйретеді?

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов Фэйсбук әлеуметтік желісінде педагогтердің өрескел қылығын айтты.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, мұғалімдер де арнайы аттестациядан өту кезінде «шпаргалкалар» пайдаланған.

«Біз қадірлі педагогтерімізге асқан құрметпен қарап, олардың жұмысын бағалаймыз. Міне, сондықтан да ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде Ұлттық біліктілік тестілеудің қатысушыларында тыйым салынған заттардың (смартфондардың, шпаргалкалардың және басқа да құрылғылардың) бар-жоғы тексерілмейтін.

Өкінішке қарай, кейбір әріптестеріміз біздің көрсеткен құрметімізді әлсіздікке теңеп, тыйым салынған заттарды жаппай қолдана бастады. Егер 2020 жылы Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өсті!

Сонымен қатар, микроқұлаққаптар мен микрофондарды қолданудың жаппай фактілері анықталды, негізінен олардың таралымы шектеулі және пайдалануы үшін қылмыстық бап қарастырылған!

Осы фактілерді ескеріп, бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін айттым! Сене отыра, тексерісті де ұмытпау әдісі әлдеқайда жақсы жұмыс істейді» деді.

Бұл жазбаның астына педагогтер әріптестерінің бұл әрекетіне шамданып, «Ұяттарың қайда?» деп пікір қалдырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты