Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында еркін қолжетімді деректерді

саудалап жүрген TikTok пайдаланушыларының қызметтерін пайдаланбауды сұрайды.

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желіде тікелей эфир барысында ақшалай сыйақы үшін "Мен сияқты қанша адам бар" сервисіндегі деректерді хабарлау танымал болып келеді», - делінген ресми сайтта жарияланған хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, эфирді ұйымдастырушы төлем жасау үшін өзінің деректерін көрсетеді, ниет білдіргендер төлем жасаған кезде Қазақстан бойынша қанша аттасы бар екенін білу үшін есімдерін жазады.

«Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз», - деп қосты Ұлттық статистика бюросының өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады