Ұлттық қор қаржысы қайда жұмсалады?

Алдағы 3 жылда Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Алматы, NEGE. «Сіздің қарауыңызға Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы және 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы жарлық жобасы ұсынылады. Кепілдендірілген трансфертті 2021 жылы – 2,7 трлн теңге, 2022 жылы – 2,4 трлн теңге және 2023 жылы – 2,2 трлн теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр. Кепілдендірілген трансфертті әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылады», – деді министр Үкімет басшысы Асқар Маминге.

Оның айтуынша, даму бағдарламаларын қаржыландыруды ұлғайту үшін 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансфертті тарту ұсынылып отыр.

«Осылайша, болжам бойынша түсімдер 2021 жылы 11,4 трлн теңге, 2022 жылы – 11,8 трлн теңге, 2023 жылы – 12 трлн теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 14 трлн теңге, 2022-2023 жылдары – 13,9 трлн теңге көлемінде болжануда. Жалпы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, сонымен қатар ұлттық экономиканы тұрақты және сапалы дамытуға бағытталған», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты