Ұлттық экономика министрлігі вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпаратты анықтап жатқанын мәлімдеді
ҚР Ұлттық экономика министрлігі вице-министр Ілияс Өсеровтың қамауға алынғаны туралы ақпаратты анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «Әріптестер! Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров «қамауға алынды» деген ақпарат тексеріліп жатыр. Осыған байланысты ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймын», - деп жауап берді Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Ерлан Сисенов.
Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын.