21 сентября 2022 г. 15:58

Ұлттық домбыра орталығы ашылу мүмкін

Фото:

 Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашуға қатысты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атына сауал жолдады.

Алматы, NEGE. AMANAT фракциясының мүшелері ҚР Премьер-Министрі орынбасарының атына Қазақстанда Ұлттық домбыра орталығын ашу жөнінде депутаттық сауал жолдаған. Елімізге ресми сапармен келген Рим Папасы Францисктің өзі домбыраның әлемдік рухани потенциалы жөнінде атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына қазақтың рухани өмірінің символы ретінде домбыраны сыйға тартты. Яғни домбыраны мемлекеттік деңгейде ұлықтап, халықаралық бренд жасау - уақыт талабы», - деді Е. Саиров.

Оның пайымынша, Ұлттық домбыра орталығын ашу - жаһандану заманында ұлтымыздың рухани келбетін сақтап қалудың бір жолы.

«Сондықтан Дәурен Әскербекұлының (Мәдениет және спорт министрі) атына депутаттық сауалды қайта жолдап отырмыз», - деді депутат.

Тегтер: