«Ұлттық атом компаниясының басшысы ауысты»
Бірқатар инсайдерлік дерек көздерінің хабарлауынша, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның басқарма төрағасы ауысты.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Ақпарат көзінің хабарлауынша, ұлттық атом компаниясына басқарма төрағасы болып Жанат Түсіпбеков тағайындалған. Алайда «Қазатөмөнеркәсіп» компаниясының ресми сайтында басқарма төрағасы ретінде Ғалымжан Пірматовтың аты-жөні жазылып тұр. Әзірге бұл туралы ресми ақпарат шыққан жоқ.
Ж.Түсіпбеков 1977 жылы туған. «KMG International N.V.» директорлар кеңесінің мүшесі. Ол бұрынғы Бас прокурор Рашид Түсіпбековтің ұлы.