Ұлттық ұланның құны 1 млрд болатын жер учаскесі жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен
Бас әскери прокуратура қорғаныс мақсатына арналған құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.
Астана, NEGE. Қадағалау органының мәліметінше, жалпы аумағы 87 гектардан асатын бұл жер учаскесі бұрын Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі болған. Алайда 1999 жылы ол заңсыз түрде жеке меншікке беріліп, кейіннен бірнеше рет қайта сатылған.
Жер учаскесіне қатысты бұл заңсыздықты Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы анықтаған. Гарнизон прокурорларының әскери бөліммен бірлескен жұмысының нәтижесінде сатып алу-сату шарттары сот тәртібімен жарамсыз деп танылған.
Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскесі әскери ведомствоның балансына берілді.