Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына апара жатыр

11 қыркүйекте Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Сенек ауылынан 90 шақырым жерде «Toyota Hiace» көлігі аударылып, жол апатынан 10 адам қаза тапты. 

Полиция

Алматы, NEGE.  Бүгін ІІМ  Ұлттық ұлан бортында жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары Маңғыстау облысына ұшып барады.

Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Қаза тапқандардың ішінде бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.

– Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды, – деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін