Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде ұтылып қалды

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 71 келі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізген Шымбергенов иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді.

Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды.

Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті.

Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?