«Ұлттық қор – балаларға»: Қаржы шотқа қашан түседі?

БЖЗҚ мәліметінше, балаларға арналған қаражат шотқа осы жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей аударылады.

freepik.com

Астана, NEGE. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша ақпарат жариялады.

«2008 жылы туған адамдарға нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды есептеу 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей іске асырылады, олар 18 жасқа толғанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы мақсат бойынша пайдалануы мүмкін», – делінген хабарламада.

Қор дерегінше, бір балаға арналған сома балалар санына және  Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып есептеледі.

Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын барлық бала «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына енгізілген.

«2026 жылы 18 жасқа толатын балалар (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) аударылған нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына есептелетін нысаналы жинақтар түрінде алады», – дейді БЖЗҚ өкілдері.

Айта кетейік, баланың «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы ретінде тіркелген-тіркелмегенін БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН енгізіп, «Тексеру» батырмасын басу арқылы тексеруге болады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды