Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады

Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан Қазақстан Конституциясына 30 жыл коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Ұлттық Банк

Алматы, NEGE. Монеталарда ел Конституциясын айшықтайтын ашық кітап, ал оның үстінде Қазақстан картасының контуры фонында «30» саны бейнеленген. Қазақстан картасының дәл ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ орналасқан. «30» санын бейнелеу ісінде алтын жалату технологиясы қолданылған. Монетаның ерекшелігі де сонда.

Фото: Ұлттық Банк

Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.

Номиналы 1 000 теңгелік күміс монеталардың сатылымға шығатын уақыты банктің ресми сайтында хабарланады. Ал 100 теңгелік биколорлы монеталар еркін айналымда болады.

Қазір оқып жатыр

Әйгілі ақын Мұхтар Шаханов дүние салды

Ірі авиакомпаниялар жанармай бағасының қымбаттауына байланысты рейстерді азайтып жатыр

Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды