Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Норвегиядан жеңілді

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионындағы алтыншы ойынын Аустрияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ойын басынан норвегиялық футболшылар тізгінді қолына алуға тырысты. Әлемдік футболда жұлдызы жарқыраған Эрлинг Холандтың командасы Алматыда өткен ойындағы олқылықтың орнын толтыруға тырысты. Өзінің айып алаңында қателікке жиі бой алдырған қазақстандық футболшылар оған тосқауыл қоюға мүмкіндігі болған жоқ.

Нәтижесінде Холанд 23, 37, 71-минутта үш гол соғып, хет-трик жасады. Сондай-ақ норвегиялық тағы бір шабуылшы Александр Сёрлот 41, Антонио Нуса 77-минутта мергендік танытты.

Бұл ойында ел құрамасы қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді. Салдарынан алты ойында қазақстандық футболшылар бірде-бір соға алған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған