Үлкен Алматы көліне жол жабылады

Іле-Алатау ұлттық паркінің басшылығы Е

сік және Үлкен Алматы көлдеріне апаратын жолдың жабылғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Үлкен Алматы көліне баратын жол транспорттың барлық түрі үшін жабылатын болды. Өйткені жолдың кейбір тұстары жырылып, жолаушылардың өміріне қауіп төндіре бастаған.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы «Жүруге тыйым салынады» деген белгі қойып, шлагбаум орнатты. Енді жолды толықтай жасап біткенше жабық болады. Ұлттық парк басшылығы Фейсбуктегі парақшасында былай деп хабарлады: «Құрметті туристер, Үлкен Алматы көліне апаратын жол сіздердің қауіпсіздік үшін белгісіз мерзімге жабылды. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жолды толық жасап біткен соң ғана ашылатын болады».

Үлкен Алматы көліне баратын жолмен бірге Есік көліне жеткізетін жол да жабық.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді