Юлия Путинцева Торонто турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонто (Канада) WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 7-ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасты.

Қарсыластар бұған дейін кортта өзара кездеспеген еді.

Д.Пегула 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.

Америкалық теннисші финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен таласады.

Ю.Путинцева жұптық сында да жартылай финалға өте алмады. Ол америкалық София Кенинмен бірге ширек финалда америкалық Мэдисон Киз – үндістандық Саня Мирзаға жол берді – 5:7, 6:3, 6:10.

Юлия Путинцеваның жекелей сында мастерс жарысының ширек финалына дейін жетуінің өзі табыс деп бағалауға болады. Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 38-орынға көтеріледі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды