Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 48-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен кездесті. Бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте Ю.Путинцева тағы бір брейкке қол жеткізіп, сосын осы басымдығын сақтап қалды – 7:5. Екінші сетті де брейкпен бастағанымен, қарсыласы таразы басын теңестіре білді. Дегенмен есеп 5:5 болғанда, Юлия тағы бір брейк жасап, сосын матч-пойнтын құр жіберген жоқ – 7:5. Екі сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында Ю.Путинцева эйс жасамағанымен, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Қазақстандық спортшы үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 16-ракеткасы, тағы бір америкалық Кори Гауфпен таласады. Ол бастапқы кездесуінде словакиялық Анна Шмидловадан айласын асырды – 6:0, 6:2. Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина ертең дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған франциялық Осеан Доденмен ойнайды. Жүлде қоры 6,5 млн еуродан асатын ірі жарыс 7 мамырда мәреге жетеді. Өткен жылы бұл додада Беларусь өкілі Арина Соболенко жеңімпаз атанған болатын. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің «Мен – қазақпын» деп айтқанын, теннисші Андрей Голубевтің Мюнхен турнирінің жартылай финалына шыққаны белгілі. Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды