Юлия Путинцева чехиялық қарсыласын жеңді

Қазақстанның екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарла

ды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 30-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты.

Жекпе-жектің фавориті чехиялық спортшы саналғанымен, Юлия Путинцева 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 7 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 13 брейк-пойнттың бесеуін мүлтіксіз пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Путинцева 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсия немесе рейтингте 88-орында тұрған украиналық Катерина Байндлдің біреуімен таласады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр