Ұлытаудан Қостанай облысына дейін жол жабылды

7 қаңтарда сағат 14:00–дан бастап Ұлытау облысында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК.

gov.kz

Алматы, NEGE. "2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 14:00–дан бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жезқазған — Петропавлск» автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда", — делінген хабарламада.

2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 14:00–дан бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жезқазған — Петропавлск» автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.

Бұл ретте жолды 2025 жылғы 8 қантар сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды