Ұлытауда жүк пойыздары соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шеккен.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарға қарағанда тепловоз бен 5 вагон аударылып қалған. Оқиға кеше кешкісін Жезқазған қаласынан 65 шақырым қашықтықта орналасқан Сарысу разъезінің маңында болған.

Жүк пойыздары соқтығысқан теміржол «Қазақмыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайды.

Қазіргі уақытта жолда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды