Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті ретінде танылған марқұмның азаматтық некедегі күйеуі әйелге жұмыс орнында бірнеше рет пышақ жарақатын салған. 

gov.kz

Астана, NEGE. Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін өзіне дене жарақатын салмақ болған. Қазір ол ауруханада жатыр, оны полиция тәулік бойы күзетуде.

«Күдікті –  қаза болған әйелдің 33 жастағы азаматтық некедегі күйеуі, жергілікті тұрғын. Сот оған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген хабарламада.

Полиция қызметінің мәлімдеуінше, емдеу аяқталғаннан кейін күдікті дереу тергеу изоляторына жеткізіледі.

Тергеу барысын полиция департаменті басшылығы жеке бақылауына алған.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады