Ұлытау облысының тәртіп сақшылары ұйымдасқан ұрыларды ұстады
17 ақпанда Ұлытау облысы Жезқазған қаласының ПБ-не 43 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгісіз біреудің пәтерге кіріп, бағалы заттарды - екі фотоаппарат, қораптағы гитараны ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады. Анықталғандай, ұры пәтерге балконның пластикалық есігін ашу арқылы кірген.
Алматы, NEGE. 19 ақпан күні Жезқазған қаласының ПБ-не тағы бір жәбірленуші жүгінген. Ол жерден құндыз тон, былғары күрте және әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 3,6 млн теңгені құрады.
Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады. Олар Сәтбаев қаласының 35 және 38 жастағы екі тұрғыны болып шықты.
ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер УҰИ-на қамалды.