Ұлытау ауданындағы дала өрті толықтай өшірілді
Ұлытау ауданында дала өрті толығымен жойылды. Жалын 40 мың гектарға жуық жерді шарпыды.
Алматы, NEGE. Ұлытау ауданы бойынша барлық өрттер толығымен жойылды. Өрттің ең үлкен аумағы 2 ауылдық округ - Жангелді және Ақтас аумағында болды. 28000 га алаңда құрғақ шөп өртенді, жалын 7 шілде күні 18:10-да ауыздықталып, 8 шілдеде 21:00-де толықтай өшірілді. Шеңбер ауылдық округінде, Қорғасын ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде 4 шілде күні сағат 19:20-да 4700 га алаңда құрғақ шөптің жануы тіркелген. Өрт 7 шілдеде 17:20-да ауыздықталып, 8 шілде 21:00-де жойылды.