Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Политолог: «Әділет» – саяси стартап

Қазақстанда хантавирус таралуы мүмкін бе?

Экология талаптарына сай келмейтін 20 жүк көлігі Қытайдан заңсыз әкелінген

Ата-аналар елімізде эпилепсияға қарсы дәрі тапшы деп шағымдануда