Ұлытау облысында Olimpbet пен 1XBET-ке бәс тіккен 10 шенеунік қызметінен қуылды

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілері анықталды.

Depositphotos

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық прокуратура өкілдері хабарлады.

«Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады.

Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметшінің, оның ішінде басшылық лауазымдағы 10 тұлғаның Olimpbet және 1XBET букмекерлік компанияларында бәс тіккені анықталды», – делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды.

Прокурорлардың нақтылауынша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады.

Қазір оқып жатыр

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

Алматыда науқастың ұлы жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қуған

КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды