Ұлытау облысында қар құрсауынан 11 адам құтқарылды

Жаңаарқа ауданында Жаңаарқа ауылынан 40 шақырым жерде «Қарағанды-Самарка-Атасу-Айнабұлақ» автожолының жабық учаскесінде адамдар мінген 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Жаңаарқа кентіне 11 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, жеткізді.

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Сонымен қатар Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды.

Абай ауданында Ақбастау ауылынан 5 шақырым жерде қар құрсауында 3 жеңіл көлік тұрып қалған. Құтқарушылар оларға жетіп, Ақбастау ауылына 5 адамды, оның ішінде 1 баланы жеткізді. Олар да медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жұмыс берушілер жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды